Қырғызстанда тағы сел жүрді

Қырғызстанда тағы сел жүрді деп хабарлайды 24kz.

Бұл жолы табиғат апаты Жалал-Абад облысына қарасты Арстанбап ауылында болды. Cалдарынан аурухана, сауда үйі мен бес көпір зақымданып, 23 автокөлікті су шайып әкеткен. Әзірге зардап шеккендер мен опат болғандар жайлы ақпар жоқ. Оқиға орнында апат салдарымен күрес жұмыстары жүріп жатыр. Ол үшін 200-ден астам адам жұмылдырылған. Оның 60-ы жергілікті тұрғын.