Жолаушы және жүк поездарын тартатын электровоз қалай жасалады?

Жалпы еліміз бойынша былтырғы жылы темір жол арқылы 70 млн тоннаға жуық жүк тасымалданған. Ал пойыздар арқылы сапар шеккен жолаушылар саны 3 млн адамнан асқан. Жолаушы не жүк тасымалы болсын, вагондар өздігінен жүрмейді. Оларды электртартқыштар сүйрейді. Талай романтикалық әнге арқау болған, қаншама жандардың махаббатына бастау болған пойыздар. Ал оларды тіркейтін электровоздар Қазақстанда жасалады. Ендеше отандық зауытты бірге аралайық!