Ұн нарығындағы бәсеке: отандық өндірушілер өнімнің экспорты неге төмендеп кетті?
Өскемен қаласындағы ұн тартатын ірі комбинаттың біріндеміз. Мұнда тәулігіне 160 тонна бидай өңделеді. Сол тартылған бидайдан бір ауысымда 2 400 қап ұн шығарады. Әр дастарханның сәнін келтіретін бауырсақ, нан, тоқаш тағамдарын дайындауға қажетті ұн өндірісінің барысынмен танысып, атмосферасын бірге көрейік.