Кәдесый таңдағанда неге мән бересіз?

«Made in KZ» бағдарламасы шуақты Шымқаланың төріндегі ерекше галереяның бірінде. Бұл – шығармашылық кеңістігінде тағдырлары тоғысқан Бейісбековтар әулетінің өнер орталығы. Осы жерде небір ғажап идеялар туындыға айналады. Кәдесыйдан бастап, ұлттық нақыштағы киім-кешек, тоқыма өнімдерінің өндірісі бар. Бірнеше шаһардағы сауда орындары, әуежайдағы дүңгіршектер, көрмелерде көздің жауын алатын кәдесыйлар қалай жасалады?