2026 жылы халықты әлеуметтік қорғауға ₸6,8 трлн жұмсалады
2026 жылы әлеуметтік салаға ₸6,8 трлн бөлінеді. Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласына 2,7 трлн теңге бөлу көзделсе, білім және ғылым саласына 902 млрд теңге беру жоспарланып отыр. Ал мәдениет, туризм және спортты дамытуға 263 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді.