Депутат: Жұртты алдаған өнер жұлдыздары жазалану керек
Жалған жарнама жасап, жұртты алдаған өнер жұлдыздары жазалану керек. Мәжіліс қабырғасында депутат Нартай Сәрсенғалиев осылай деді. Айтуынша, елде қаржы пирамидаларының құрбандары көбейген. Оған жалған ұйымдардың үгіт-насихат жұмыстарын қарқынды жүргізетін танымал тұлғалар себеп. Мысалы, өнер адамдары жарнамалаған «Л-Капитал» акционерлік қоғамына мыңнан аса адам салым салып, артынша алданып қалған. Олардың жалпы шығыны 10 млрд теңгеден асады.