Қазақ-қырғыз қатынасы дамып келеді
Еліміздің Қырғызстанмен шекараласатын бөлігінде сауда-логистикалық кешен құрылады. Мәжіліс Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы «Қарасу» және «Ақ-Тілек» автожол өткізу пункттері ауданында индустриялық сауда-логистикалық кешен құру туралы үкіметаралық келісімді ратификациялады. Құжат екі ел арасындағы экономикалық қарым қатынасты одан әрі жақсартуға мүмкіндік береді.