Ресей мемлекеттік думасының депутаттары Астанаға келді

Ресми сапар аясында Мәжіліс спикері Мемлекеттік Дума төрағасының бірінші орынбасары Александр Жуковты қабылдады. Артынша тараптар комиссия отырысын өткізіп, қос мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық һәм саяси байланысын бағамдады. Екі жақтың қатынасын одан әрі нығайтудың тетіктерін талқылады.