Қ.Тоқаев: «Банктер туралы жаңа заң қажет»

Сегізінші сайланған Мәжілістің үшінші сессиясы өз жұмысын бастады. Дәстүр бойынша – Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент халыққа Жолдауын жариялады. Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік экономикалық дамуы, ақша-несие және фискалдық саясат арасындағы теңгерім-сіздікті жою, инвестициялық ахуал мен бизнес жағдайын жақсарту, өнеркәсіптік әлеуетті дамыту мәселелеріне кеңінен тоқталды. Соның бірі банктер туралы жаңа заң әзірлеуді тапсырды.