Агросекторда маман тапшы

Мәжіліс мінберінде сөз алған депутат Ерболат Саурықов ауыл шаруашылығы саласындағы іркілістер туралы айтты. Елде 23 жоғары оқу орны атаулы сала мамандарын даярлайды. Қазір онда 7 500 астам жас білім алады. Оның 6 мыңы мемлекеттік тапсырыс аясында оқып жатыр. Дегенмен депутат студенттердің дені бұрымдылар дейді. Ал нәзік жандылардың ауыл шаруашылығы саласында еңбек етуі некен-саяқ. Сол себепті агросекторда кадр тапшылығы қос бүйірден қысып тұр.