Орфандық орталықтың көмегі қандай болмақ?
Мемлекет жыл сайын сирек кездесетін ауруларды емдеуге қажетті дәрі-дәрмекке бөлінетін ақшаны көбейтумен қатар, дәрілік заттар тізбесін де ұлғайтып отыр. Ал ауруларды бір орталықтан басқару тек дәрігерлер қауымына ғана емес, сырқат жандарға да қолайлы болуға тиіс. Өйткені олар әр жаққа алаңдап, әр есікке телмірмейді. Ең бастысы әр емделуші қадағалауда болады. Бұл дәрі-дәрмектің нақты кімдерге жұмасалатыны, не үшін жұмсалатынын да ашық көрсетіп отыруға сеп болмақ.