Қол хирургиясы: отандық медицина заманауи ем-домды меңгерді
Адам баласы қандай іс қылса да, қолдың көмегіне жүгінеді. Ал қолдың өзі 27 сүйектен тұрады. Тек сүйек қана емес, саусаққа дейін бүгіп, қозғап тұрған бұлшық еттердің өз қызметі бар. Ал ондағы жүйке талшықтары электр импулсьтерін миға дейін жеткізіп тұрады. Қол - адамның өзге мүшелерімен астасып жатқан күрделі процесс. Сол себепті саусақтың ұшы жарақаттанса да оған мұқият ем қажет.