Елде донор табу қиындап барады

Елде 4 мыңдай адамға бүйрек, 200-дей адамға бауыр керек. Науқастардың көп күтуге шамасы да жоқ. Бұл дерт емге көнгенмен, мұның сыртында ағзасы жартылай жарамсыз немесе мүлдем жарамсыз болып, тағдыры қыл үстінде тұрған науқас көп. Мұндайда тек өзгенің бауырын, не бүйрегін салу керек. Ол үшін кезекке тұрады. Ал кезек жылжымайды. Өйткені сала салатын дайын тұрған бауыр, я бүйрек жоқ.