Ұлттық шұғыл медицина орталығы әрдайым көмекке әзір

Ел аузында санавиация аталып кеткен Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы 2011 жылы құрылды. Содан бері мұндағы мамандар 26 мың рет әуеге көтерілген. Орталық жыл сайын орта есеппен елдің шалғай аумақтарына барып 2 жарым мыңдай науқасқа көмек көрсетеді. Астанадағы орталық күні-түні шұғыл көмекке әзір отырады. Кез келген уақытта дәрігерлер де, жедел жәрдем одан әрі тікұшақтар мен ұшақтар да елдің қай аумағы болса да ұшуға дайын.