Нейрохирургияның ертеңі қандай болмақ?

Дертіне дауа іздеген елдің біразы шетелге барып емделгенді тәуір көреді. Әрине, қайда барып қаралса да әркімнің өз еркі. Біздегі тегін медицинаның қадірін біреу білсе, біреу білмейтіні тағы анық. Отандық медицина қызметкерлері шетел асып жатса, бізге келіп жатқан мамандар да аз емес. Мұның сыртында шетелден келіп, біздің дәрігерлерге қаралатындар да баршылық. Сөйтіп біраз ел әлі сене алмай жүрген біздің медицинаның жетістігі қандай? Қиын да, құпиясы мол нейрохирургия саласының жайы не күйде екен? Маман бар ма? Құралы, жабдығы не күйде?