Жүктерді контейнерлерде тасымалдау | Міндет пен меже

Былтыр Қазақстан арқылы 4 миллиард тоннадай жүк тасымалданды. Оның 83 проценттейі тас жолмен, 10 проценттен астамы темір жолмен және 6,7 проценті құбыр арқылы жөнелтілді. Ал су жолымен тасымалданған тауар көлемі теңізге тамған тамшыдай ғана. Яғни Қазақстан теңіз тасымалының әлеуетін толық пайдаланбай келеді.

Қазір дәстүрлі көлік логистика желісі өзгеріске ұшырады. Әлем елдері жүкті контейнермен тасуға бет бұрып жатыр. Осылай деген президент Қасым-Жомарт Тоқаев, тасымал жолдарын әртараптандырып, Ақтау портында контейнерлік хаб құруды тапсырды. Міндет қалай атқарылып жатыр? Межеге уақытылы жетеміз бе?