Қазақ әскерінің қуатын арттыруға мемлекет мүдделі | Міндет пен меже

Былтыр елдің қорғаныс саласына 150 ден астам жаңа заманауи әскери техника мен қару жарақ сатып алынды. Қорды толықтыру биыл да жалғасады. Себебі Азаттықты сақтап, қуатты ел болу үшін айбынды армия керек. Әсіресе әлемде қақтығыс көбейіп, шабуылдаудың түрлі тәсілі шыққан қазіргі заманда сарбаздар кез-келген жағдайға сақадай сай болуға тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Қорғаныс министрлігіне қарулы күштердің құрылымы мен құрамын жаңартып, басақару жүйесін жетілдіруді жүктеді. Жауынгерлік дайындық бағдарламасын қайта қарап, әскери қызметткердің әлеуметтік мәртебесін арттыру туралы міндет қойды. Ол қалай атқарылып  жатыр?