Қасіретті қаңтар оқиғасына бір жыл | Міндет пен меже

Қасіретті қаңтар оқиғасына бір жыл. Былтыр дәл осы уақытта тәуелсіз Қазақстан өз тарихындағы ең ауыр күндерді бастан өткерді. Жұртты дүр сілкіндірген дүрбелең кезінде 238 адам қаза тауып, бірнше облыстың орталығы отқа оранды. Мемлекеттің тұғыры шайқала жаздады. Бірақ арандатушының арам пиғылы іске асқан жоқ. Қауіптің беті қайтты.

Осыдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке бірқатар шұғыл тапсырма берді. Ең бастылары елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды түзеу. Қақтығысқа қатысы барларды тауып, әділ тергеу жүргізу, лайықты жазасын беру. Келтірілген шығынды анықтап, бүлінген нысандарды жөндеу. Зардап шеккендерге мемлекеттік қолдау көрсету.

Жүктелген міндет бір жыл ішінде қалай атқарылды?