Қазақ әскерінің әлеуеті

21 ғасыр ақыл-ойдың заманы болғанмен, бұл дәуірде де талай бейбіт елдің аспанын соғыс бұлты торлаған текетірестер толастамай тұр. Бұл қауіпсіздік пен қорғаныс саласының өзектілігін айқындай түседі. Президент әскеріміздің жауынгерлік әзірлігін арттыруға, армиямызды жоғары технологиялық қару- жарақпен жарақтандыруға, цифрлық технологияларды енгізуге пәрмен берді. Әскерге барып, Отан алдындағы борышын өтеген өрендерді ынталандыру бағытында да ілкімді жұмыстар іске асуда. Әскеріміздің әлеуетін еселеуге бағытталған бұл шаралар Қарулы күштеріміздің қарымы мен қабілетін қаншалықты арттырып отыр?

Әскеріміздің шынайы әлеуетіне көз жеткізу үшін түсірілім тобымызбен Қонаев қаласындағы - армиямыздың элитасы саналатын - Гвардиялық 35-ші Десанттық шабуылдау бригадасы әскери бөліміне бағыт алдық.