Биыл - Ұлттық бірыңғай тестілеуге 20 жыл

Биыл - Ұлттық бірыңғай тестілеуге 20 жыл. Осынша уақытта тапсыру тәртібіне 10-нан аса түзету енгізіліп, бес мәрте форматы өзгерді. Дегенмен мұның өзінде сынақ сыннан арылмады. Тіпті Президент те саладағы кемшіліктерді жіпке тізіп көрсетті. "Елімізде білімнің сапасына емес, көрсеткіштің жоғары болуына баса мән беріледі. Оқушылардың ҰБТ-дан алған бағасы мен мектептегі бағасы екі түрлі. Айырмашылық 30 пайыз немесе одан да көп болуы мүмкін. Ашығын айтсақ, мұның бәрі жаппай белең алған көзбояушылықтың кесірінен болып отыр»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл қазақ басшысының бір жыл бұрынғы пікірі. Содан бері не өзгерді? ҰБТ-ны оңтайландырудың қандай тетіктері табылды?