Елімізде әрбір төртінші ұшақ кешігіп көкке көтеріледі

Былтыр отандық әуе компаниялары 72 мың рейс жасаған. Оның 16 мыңы межелі уақытта орындалмаған. Бұл біздегі әрбір төртінші ұшақ кешігіп көкке көтеріледі деген сөз. Ал баға райы бақылаудан кеткеніне көп болды, жыл санап қымбаттап келеді. Қызмет сапасы да сыннан арылмайды. Халық кешігетін, қажет болса ұшпай қалатын рейстерден қажыды. Жауаптылар жағдайды жақсарта ала ма? Мемлекет басшысы авиациядағы бәсекелестікті күшейтуді, әуежайлардың инфрақұрылымын жақсартуды тапсырған еді.