Медицинаны қаржыландыру екі есе өсті, бірақ қызмет көрсету сапасы жақсарған жоқ
Мемлекет басшысы МӘМС мәселесін майшаммен қарауды тапсырды. Жүйенің іске қосылғанына бес жыл болса да, жауаптылардың басы даудан, сала сыннан арылмай келеді. Мұны Қасым-Жомарт Тоқаев та айтты. Ел Президенті медицинаны қаржыландыру екі есеге артқанымен, қызмет көрсету сапасы көтерілмеді, – деді. Жыл басында қазақ басшысы жүйені реформалауды тапсырған еді. Енді жауаптылар тыңнан түрен салуға міндетті.