Қызылорда облысында электр тапшылығы өзекті мәселе

Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында, Қазақстан электр қуатын басқа жақтан алмауға тиіс, яғни көршілес елдерге тәуелді болмауы керек – деген еді. Ол үшін саладағы инфрақұрылымды жақсарту керек екенін де ескертті. Тіпті энергия тапшылығын жою мақсатында атом электр станцияларын салу ісін де қоғам талқысына ұсынды. Міндет пен меже бағдарламасының ұжымы мәселеге зер салып көрді.