Тарихи ескерткіштердің дені тоналған

Оңай олжаға қызыққан қарақшылар археологиялық аймақтарды заңсыз қазып, жеке корларға сатуды кәсіп қылып алған. Бұл туралы қазақ басшысы көктемде өткен Ұлттық құрылтайда айтты. Сол сәтте Қасым-Жомарт Тоқаев жауаптыларға заңды күшейтіп, салаға серпіліс беруді тапсырған еді. Президент пәрмен бергелі не өзгерді? Мәселені "Міндет пен меже" бағдарламасының ұжымы бақылап көрді.