Елде есірткі мәселесі ушығып барады

Есірткімен күрес кенжелеп тұр.  Ел Президенті биылғы Жолдауында тыйым салынған тауар түрлерін тасымалдау, сату һәм өндіру ісіне тоқтау болмай тұрғанына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау қызметкерелірінің жұмысын сынға алды. Сондай-ақ, есірткі мәселесі ушығып бара жатқанын ескертті. Енді жауаптылар түйіткілдің түйінін тарқату үшін тыңнан түрен салуға міндетті. Халықтың саулығын қалтасының қамынан артық көргендер мен есірткігі есі кетіп еліткендердің мәселесін Міндет пен меже бағдарламасының ұжымы бақылап көрді.