Елде дәрігер тапшылығы тым жоғары

Биыл денсаулық сақтау саласына ел бюджетінен 3,3 триллион теңге бөлінді. Дегенмен, ілкімді істерге қарағанда, іркілістер көп. Бұл жайлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында айтты. Иә, салаға серпіліс беру маңызды. Соның ішінде елді мекендердегі қызмет сапасын көтеру күн тәртібінде. Бүгінгі бағдарламада осы мәселелерді бағамдаймыз. Республика күні қарсаңындағы шығарылымда республикадағы медицина жайында айтамыз.