Ұлттық компаниялардың шығыны неге көп?

Ұлттық компаниялар мен холдингтердің тиімділігіне талдау жасау керек. Саны көп, сапасы жоқ мемлекеттік компанияларды жаппай жабу қажет. Мемлекет басшысы мұны екі жыл бұрын айтқан. Бюджетті сүлікше сорып жатқан әлгі квазимемлекеттік сектордағы компаниялар тиімді жұмыс істей бастады ма? Бір саланы билеп-төстеп алған, бәсекелес болуға ниетті мекемелерді маңына да жуытпайтын әлгі компаниялардың елге қандай пайдасы бар? Біз бұл мәселені күн тәртібінде қаузадық. Бірақ тағы көтерсек артық етпес. Өйткені, мемлекетке масыл болып отырған ұлттық компаниялардың жайы қашан да өзекті бола бермек.

Студия қонағы – Айбек Паяев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.