Су тасқыны. Индер ауданындағы ахуал
Елдің Атырау облысынан өзге барлық өңірінде тасқын аяқталды.
Әзірге Жайық өзенінен қауіп бар. Атырау қаласында өзен деңгейі 577 см, Махамбет ауылында 1 мың 20 см жеткен. Ең бастысы, жұрт алдын ала қамданып, бірнеше шақырым бөгеттер тұрғызылды. Қауіпті аумақтың бірі – Индер ауданы. Бұл өңірдегі қазіргі ахуалды бізбен тікелей байланысқа қосылған Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов баяндайды.