Сұхбат. Суда шомылу кауіпсіздігі

Биыл 12 қазақстандық суға кеткен.

Опат болғандар арасында балалар да бар. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Мамандар қайғылы оқиғалар болмас үшін тиісті талаптар сақталуы керек дейді. Ол қандай талаптар? Суға түскенде нені ескеру керек? Аптап ыстықтан қалай қорғанамыз? 
Марал. Осы және өзге де сауалдарға студия қонағы Төтенше Жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш жауап береді. Суға шомылу маусымы басталды деп ресми жарияланды. Бірақ күн әлі салқын. Судың суық болуы әрине қауіп. Осы ретте шомылу маусымын ашық деп жариялау қаншалықты дұрыс?

2. Жалпы биылғы жаз шомылуға қаншалықты жайлы болар екен? Жаз салқын болатын сияқты ғой. Қазгидрометтің болжамы қандай бұған?

3. Жалпы шомылу маусымына қаншалықты дайынбыз? Жылда айтылатын дүние және адамдар опат болатын жағдайлар белгіленбеген аумақтарда суға түсуден болады. Қалай мұның алдын алуға болады? 

4. Биыл су мол. Су мол болған соң терең. Бұл қауіптің бұрынғыдан да артатынын көрсетеді. Осыны жұртқа ескертіп жатырмыз ба? 

5. Суға шомылу аймақтарында көбіне бизнес нысандары жұмыс істейді. Оларға адамдардың қауіпсіздігіне жауапты болатындай қандай да бір талап бар ма?