ШЫҰ: Қазақстан төрағалығы кезінде 150 іс-шара өткізілді

Еліміз Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығы кезінде 150-ге жуық әртүрлі бағыттағы іс-шаралар жүзеге асырылды.

Оның ішінде ұйымға мүше елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, қауіпсіздік, мәдени байланыстарды арттыруға бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылды.

Сарапшылар бұл шаралардың барлығы – ел экономикасына толық қайтарымы бар, орасан пайда әкелетін жобалар екенін алға тартып отыр.

Дамир Белгібаев, ҚСЗИ сарапшысы:

- Қазақстан 2024 жылы төрағалық ету кезінде ірілі-ұсақты 150-ге жуық шара өткізді. Әлем бойынша болғанда ұйымға мүше елдер арасында. Мысалы, ол Өзбекстанда да, Ааматыда да болды, Душанбеде де болды. Нақты шешім қабылданған 60-қа жуық келісім жасалды. Бұл елімізге болашақта пайда тигізері хақ.