Депутат: ШЫҰ саммиті ірі бастамалардың ұйытқысы

Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті ірі бастамалардың ұйытқысы.

Парламент сенатының депутаты Амангелді Нұғымановтың айтуынша Қазақстан төрағалық еткен бір жылда біраз істің бетін қайтарды. Өткен саммит осы бір жылдың табысты болғанын көрсетті. Еліміз көптеген бастама ұсынды деді, сенатор.

Амангелді Нұғманов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- БҰҰ-ның Бас хатшысының қатысуы бұл жиынға, олардың қызығушылығы – әлем қызығып отыр деген сөз. Қазақстанның өз үлесі бар екенін көрсете білді және сол үлесін әрі қарай дамытып, оны дәлелдей білді. Мысалы, Қытайға салып жатқан порттарымыз, Қытайдан бері қарай тартылып жатқан жүк тасымалы. Әрбір елге барынша өзінің ынтымақтастық екенін, бейбіт өмірді барынша паш ететін ел екенін шынайы көрсете білді.