Сарапшы: Қазақстан – батыс пен шығысты байланыстырушы мемлекет

"Қазақстан – Батыс пен Шығысты байланыстырушы бірегей алаң."

Шанхай ынтымақтастық ұйымының Астана саммитіне арнайы келген Түркияда тұратын қандасымыз, әлемге әйгілі кино-продюссер Надира Ахонова осындай пікір білдірді.

Ол халықаралық деңгейде деректі-сараптамалық фильмдер түсірген білікті маман. Надира Ахонованың HBO-мен бірлесе түсірген "Генетикалық паспорт" деректі фильмі "Эмми" сыйлығын иеленген.

Надира Ахонова, кинопродюсер:

- Қазір Қазақстан бүкіл әлемде үлкен рөл ойнап отыр. Батыс пен Шығыс арасындағы медиатор, бірегей алаң. Ешкімді жақтамайды, ешкімді ақтамайды. Қазақстан яғни ежелден Батыс пен Шығысты байланыстырушы, Жібек жолынан бастап біз транзит дәлізі ретінде келе жатырмыз. Қазір де солаймыз. "Батыс Қытай – Батыс Еуропа", яғни біз Еуропа мен шығысты жалғап келе жатқан мемлекетпіз. Әлемде рөл ойнаушы мемлекет. Біз барлық көршілермен татумыз. Экономикамыз үшін өз міндеттерімізді атқарып келе жатырмыз. Шетелдегі адам көре алады. ШЫҰ саммитінің Астанада өткізілуі бекер емес. Бұл біздің саяси ұстанымызды білдіреді.