Париж олимпиадасына дайындық қалай? LIVE
Жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленді.
Париж төрінде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды. Бұл жайында кеше Мемлекет басшысының қабылдауында болған Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев айтты.
Париж олимпиадасының басталуына екі апта қалды. Қазақстан олимпиадалық құрамасының дайындығы қалай? Спортшылар бабында ма? Кешенді сыннан не күтеміз? Кімдерге үміт артамыз?
Осы және өзге де сұрақтарға Туризм және спорт министрінің кеңесшісі Диас Ахметшәріп жауап береді.
- Париж олимпиадасына дайындық қалай? Ұлттық құрама спортшылары қайда дайындалып жатыр? Шетелде ме әлде ел ішінде ме?
- Қазақстан спортшыларының алды Париж қаласына қашан аттанады? Жергілікті климатқа бейімделу керек қой.
- Парижде кімдерге үміт артамыз? Боксшылардан жанкүйерлер жоғары нәтиже күтетіні белгілі. Тағы кімдер бар?
- Халыққа осынша медаль әкелеміз деген жоспар-жорамалдарыңыз бар ма? Сіздерде енді ғылыми топ бар ғой, өздеріңіз осы жүлде алады деген спортшылар тізімі бар шығар?
- Жалпы Қазақстан спортына жанкүйерлер тарапынан сын көп. Нәтиже төмендеп кетті, алтын болған жоқ. Біз медаль алып жүрген ауыр атлетика мен әйелдер күресінен бірде-бір спортшы қатыспайды. Бұған не себеп?
- Париж олимпиадасының ашылу салтанатында Көк туды кімдер ұстап шығады? Бұған дейін екі спортшының есімі айтылды.
- Спортшылардың киім үлгісі дайын ба? Қандай мекеме тігіп жатыр?
Диас Ахметшәріп, Туризм және спорт министрінің кеңесшісі: