Бадминтоннан ұлттық құраманың дайындығы қалай?
Бадминтон спортынан Қазақстан құрамасы Олимпиада тарихында алғаш рет қатысып отыр. Оның көшбасшысы Дмитрий Панарин әлемдік рейтинг қорытындысы бойынша сәуір айында жолдама алған еді. Кеше ғана отандық спортшымыз алғашқы ойынын өткізді. Бұл кездесудің барысы жайлы және құраманың дайындығы туралы бізге бадминтон бойынша ұлттық құраманың басшысы Айдын Қасен айтып бермек.