Жасанды интеллектті дамыту
Біздің елімізде жасанды интеллект қазіргі таңда қай бағыттарды қамтып жатыр?
2.Осы жылдың басында Қазақстан өз жасанды интеллектін жасап шығу керек екенін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеді. Ол E-Gov-тағы деректерді Чат-GPT-ге беруге болмайтынын, сол үшін өз жасанды интеллектіміз керек екенін айтқан. Қазір қаншалықты дайын?
3.Қазір бүкіл араб елдерінде өздерінің тіл модельдерін жасап жатыр. Оларға жеңілдеу. Өйткені, араб тілінде шыққан ғылыми еңбек, жазба әдеби мәдениет көп. Өкінішке қарай, өзімізді қанша мақтасақ та, бізде ондай мыңдаған жылдық кітапханалар жоқ. Мәдениетіміз де, өркениетіміз де ауызша.
Жасанды интеллект дәуіріндегі қазақ тілінің мәселесі де – өзекті. Әлемдік тілдік модельдерде қазақ тілінің сапалы деңгейде қолданылуы, қазақша мәтінді автоматты тану, интернет контентті қазақшалау, қазақ тіліне қатысты IT шешімдерді бір жолға түсіру қажеттілігін көріп жүрміз. жасанды интеллект қашан қазақша сөйлейді.?
Жасанды интеллект жөнінде көп айтамыз, талқылаймыз, бірақ оны өндіріске енгізуде мәселе көп сияқты. Әсіресе қазақ тіліндегі дамуында қандай кедергілер бар?
3.Жасанды интеллект саласына бүкіл алпауыт компаниялар кірісіп кетті, триллиондаған инвестиция құйыла бастады. Осы соңғы 5 жылдың ішінде 27 мемлекет өздерінің ұлттық жасанды интеллект стратегияларын қабылдады. Ал бізде ше?
- Жасанды интеллект бойынша білім беретін ЖОО үлесін 2025 жылы 20%-дан 2029 жылы 60%-ға дейін арттыру көзделген. Жасанды интеллект мұғалімді алмастыра ала ма? «Мұғалім – ЖИ» тандемінде ынтымақтастық қалай құрылады? Ең күрделі жасанды интеллект те мұғалімді алмастыра алмайды деген тұжырымдар да бар. Сіз қалай ойлайсыз?
- Жасанады интеллект арқылы бәрін сөйлетіп,тіпті қозғалтып болмаған дүниені болғызып жатырмыз. Тіпті, шет елдік жұлдыздарды қазақша ән айтқызып бейнебаянға қосып жатырмыз.Тіпті менің біраз әріптесім жасанды интеллектіні құрбаны. Түрлі ойындарды сол дауыспен жарнамалап салып қойған.Тіпті орысша дұрыс сөйлей алматйын менің өзімді орысша сөйлетіп, дауысымды келтіріп қойған. Болашақта бұл қауіпті секілді.
5.Жасанды интеллект компаниялар мен өндіріс орындарына пайдасы зор дейміз, ал қоғамның, халықтың игілігіне қалай пайдаланамыз?
7.Экожүйені дамыту аясында халықаралық компанияларда (Microsoft, Google, Booking және т.б.) жұмыс істейтін қазақстандық мамандардан құралған Ұлттық жасанды интеллект командасы құрылды. Команданың жалпы жұмысы турасында айтсаңыз.Елімізге қандай жаңалықтар әкеледі.
2029 жылға қарай экономика салаларында кемінде 25 жасанды интеллект өнімін жыл сайын іске асыру мақсаты қойылған.
8.Жалпылама сұрақ.
Егер жасанды интеллект мұқтаж адамдардың қызметіне берілсе, ол миллиардтаған адамның өмірін жақсартатын потенциалға ие. Бұл өз кезегінде жасанды интеллект тек ауқаттылардың ғана қалтасын қалыңдатуға арналған құрал деген түсінікті түбірімен жояды,- деген пікірге не дейсіз?