Ұшақ рейсі кешіккен жағдайда жолаушы қандай құқыққа ие?
Астана әуежайында бірқатар рейс кешігіп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Мамандардың айтуынша, ұшып шығуға тиісті 81 рейстің алтауы және келген 80 рейстің 15-і кейінге қалдырылған. Заңгердің айтуынша, ұшақ рейсі кешіккен жағдайда тасымалдаушы жолаушыға жағдай жасауға тиіс.
Елена Жигалёнок, заңгер:
- Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы арнайы заң бар. Ал бұл заңда әуе тасымалдаушының жауапкершілігін қарастыратын бірнеше бап бар. 86-бапта ұшу мәртебесі өзгерген кезде жолаушылар алдындағы жауапкершілік туралы айтылады. Егер тасымалдаушы тарапынан кінә болса, олар жолаушыларға жағдай жасауға тиіс.