Елде бірыңғай медициналық ақпараттық жүйе құрылады
Мемлекет басшысының жолдауында медицинадағы цифрландыру мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.
Осы орайда республикадағы қан орталығының қызметіне тоқталмақпыз. Қан беру науқасқа жаңа өмір сыйлаумен тең. Елімізде қан донорлығына деген қажеттілік үнемі артып келеді. Министрліктің мәлеметінше жыл сайын 100 мыңнан астам адамға қан құйылады екен. Жалпы қан орталығы Қазақстанда қалай жұмыс істейді және мамандардың дайындығы туралы бүгінгі студиямыздың қонағы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Дулат Имашпаевпен талқылаймыз.