Ұлттық құрама аударыспақтан 5 алтын иеленді
Аударыспақтан ұлттық құрама спортшылары 6 алтынның 5-еуін жеңіп алды.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының 3-ші жарыс күнін ат үстіндегі додадан 90, 100 және аса ауыр салмақтағы белдесулер өтті.
Иә, құрыш білек бекем белді спортшылырамыз жарады. Жарыстың бірінші күнінде 3 алтын алса, кеше 2 алтынға ие болды. Тек 90 келіде сынға түскен балуанымыз қырғыз спортшысына есе жіберді. Дәл қазір біздің студиямызға аударыспақтан Ұлттық құраманың бас бапкері Жанбатыр Бекмұсаев келіп отыр.