Шетелдік сарапшы Марк Нельсон: АЭС экономикалық тұрғыда тиімді

АЭС салу экономикалық жағынан тиімді. Шетелдік сарапшы Марк Нельсон осылай дейді.

Германия өзінің ядролық реакторларын қолданыстан шығара бастағанда электр энергиясының бағасы күрт өскен. Салдарынан елде энергетикалық дағдарыс басталды. Егер АЭС-ты сақтап қалса, осы уақытқа дейін ондаған миллиард еуро үнемдейтін еді, дейді сарапшы. Айтуынша, германиялық саяси көшбасшылар стансылардың қауіпсіздікке байланысты жабылуына себеп жоқ екенін мойындаған.

Марк Нельсон, Radiant Energy Group басқарушы директоры:

- Немістер 2022-2023 жылдарға қарай айналасындағы барлық елдің, яғни Белгия, Нидерланды, Франция, Швейцарияның ядролық энергияны пайдаланатынын көрді. Польша да қазір Ұлттық ядролық энергетикалық бағдарламаны дамытып жатыр. АЭС-тың жабылуын жақтаған германиялық саяси көшбасшылар да реакторлардың қауіпсіз жұмыс істей алатынына көз жеткізді.