Мәслихат депутаттарының республикалық форумы. Болат Керімбек
Мемлекет басшысы бүгінгі форумда біраз кемшіліктердің барын атап өтті, деп хабарлайды 24kz.
Солардың бірі – мәслихат депутаттарының сайлаушылармен кездесулері формалды тұрде өтетіндігі. «Мұндай кездесулерге тыңғылықты дайындалып, сапалы өткізуге ерекше мән берген дұрыс», - деді Президент.
Халық қалаулылары өздері сайланған аймағы үшін сол өңірдің әкімімен қатар жауап береді. Осы ретте Президент мәслихаттардың жергілікті экономикалық саясатқа ықпалын арттыра түсу керектігін айтты.
Спикер: Болат Керімбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.