Білім саласындағы белестер. Майра Мелдебекова

Білімді ұрпақ – ел болашағы. Сол болашақ жарқын болуы үшін салада тың өзгерістер мен білікті мамандар болуы қажет.

Елдегі білім беру саласында қандай өзгерістер бар? Қандай реформалар іске асып жатыр? Бұл тақырып төңірегінде тікелей қосылымда ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебековамен әңгіме өрбітбекпіз.

  1. Қазақстанның білім беру жүйесіндегі соңғы жылдардағы ең табысты реформалар қандай болды және олар білім сапасына қалай әсер етті?
  2. Алдағы жылдары мектеп бағдарламасына қандай өзгерістер енгізіледі және олар оқушылардың сыни ойлауын дамытуға және кәсіби бағдарлануына қалай ықпал етеді?
  3. Цифрлық технологиялар мен онлайн оқытуды енгізу Қазақстандағы білім беру процесін қалай өзгертті және олардың одан әрі қолданылу перспективалары қандай?
  4. Қазақстанда мұғалімдердің біліктілігін арттыру және жас мамандарды білім беру саласына тарту үшін қандай шаралар қабылдануда?
  5. Білім беру саласындағы жоспарланған реформалар түлектердің әлемдік деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қалай ықпал етеді?

Спикер: Мелдебекова Майра Тұрғанбайқызы, ҚР Оқу-ағарту министрлігі білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары.