Референдум-2024: Дауыс берушілердің белсенділігі. Мұрат Ергешбаев
Қолда бар соңғы мәліметке сәйкес, республика бойынша дауыс беруге құқылы 12 миллион 284 мың 487 адамның 7 миллион 820 мың 204-і өз таңдауын жасаған екен.
Бұл жалпы дауыс беруге құқылы азаматтардың 63,66%-ін құрап отыр. Ал олардың 71,12% Қазақстанда АЭС салуға қарсы еместігін айтқан. Яғни, 5 миллион 561 мың 937 адам өз келісімін берді.
- Дегенмен, қарсымыз деп дауыс бергендер де бар. Сіздің ойыңызша, қарсы болған адам саны неліктен көп? Мүмкін 400 күнге созылған түсіндіру жұмыстары жеткіліксіз болды ма, әлде, халқымыз әлі де атом деген сөзден қорқып отыр ма?
Спикер: Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.