Жемқорлық туралы хабар берген азаматтар 15 млн теңге сыйақы алады

Бұдан былай елде жемқорлық туралы хабарлаған азаматтар 15 миллион теңге шамасында сыйақы алады.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі хабарлады. Айтуынша, Қазақстанда жыл басынан бері қылмысты ашуға көмектескен 76 адамға 29 миллион теңге көлемінде сыйақы берілген. Оның ішінде 33 мемлекеттік қызметші алғыс хаттармен марапатталды.   

Данияр Бегайдаров, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі