Жасөспірімдер арасындағы суицид. Жұлдыз Сүлейменова

Елімізде жыл басынан бері балалар арасындағы суицид саны былтырғымен салыстырғанда бірнеше есе өскен, деп хабарлайды 24kz.

Кәмелетке толмаған қаншама жеткіншек өз-өзіне қол салды. Балалардың бұлай жігерінің жасуына не себеп? Жалындап өсіп келе жатқан жеткіншектер өлім туралы неге ерте ойлайды? Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін мемлекет тарапынан қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Міне, көпшілік көкейіндегі сұрақтарға жауап іздеп, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызына байланысқа шықтық.

  1. Осы мәселеген байланысты сауалды өзіңіз Үкімет отырысында көтергенсіз. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид деңгейінің өсуінің басты себептері не деп ойлайсыз? Мемлекет тарапынан жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу үшін қандай заңнамалық өзгерістер енгізіліп жатыр?

       2. Мектептер мен білім беру мекемелерінде психологиялық қолдаудың күшеюі суицидтің алдын алуда қаншалықты тиімді?

       3. Жасөспірімдердің эмоционалдық және психологиялық денсаулығын жақсарту үшін ата-аналар мен қоғамға қандай кеңестер берер едіңіз?

       4. Балалар мен жасөспірімдер арасында суицидке қарсы күрес үшін сіздің ұсыныстарыңыз қандай?

Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі алаңдаушылық тудырып отыр. Статистикаға сәйкес 2023 жылы Қазақстанда 12-17 жас аралығындағы 105 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған, ал 193-і суицид жасауға әрекеттенген. Ал 2024 те 128-ге өскен. ЮНИСЕФ деректері бойынша,һ Қазақстандағы жасөспірімдер арасындағы суицид деңгейі әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады.

Жасөспірімдер арасындағы суицид фактісі Алматы және Ақтөбе өңірінен тіркелді. Бұл бізге белгілісі ғана. 12 қыркүйекте Алматыда 12 жастағы қыздың 13-ші қабаттан секіргені хабарланды. Ал төрт күннен кейін екі қыз көпқабатты үйден құлап, мерт болған. 21 қыркүйекте Бостандық ауданында жасөспірім қыз 13-ші қабаттың балконынан құлап кеткен еді. Ал 22-сі күні Достық даңғылында Шекара академиясының курсанты да жоғарғы қабаттардың бірінен құлап, қайтыс болды. 23-і күні Алматыдағы зәулім ғимараттан 18 жастағы жасөспірім секіріп кеткен. 25 қыркүйекте Алматыда AlmaU студентінің өлі табылғаны белгілі болды.

Спикер: Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.