Жаңа су кодексінен не күтеміз?

Елдегі су ресурсының 70 пайыздан астамын ауыл шаруашылығы тұтынады екен.

Сондықтан бұл салада су үнемдеу технологиясын қолдану аса маңызды мәселе. Үкімет ауыл шаруашылығы саласында су үнемдеу технологиясын жеделдетіп енгізуге күш салып отыр. Бұл мақсатта 2026 жылға дейінгі жол картасы бекітілді деп. Тақырыпты кеңінен талқылау үшін студияға су ресустрары және ирригация министрлігінің, су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің басқарма басшысы Сәкен Әтел келіп отыр. 

1.Биылғы суғару маусымын аяқтадық деп жатырсыздар. Биыл бір тәуірі су мол келгені белгілі. Дегенмен қандай да бір қиындықтар болды ма? 

  1. Су мол келгенмен сол суды ұстап тұра алмай текке ағып кететін жағдайлар көп. Үлкен су қоймаларын салып жатырмыз. Ол белгілі. Ал ауылдардағы шағын тоғандардың жайы не болды? Бұл мәселе су кодексіне енгізілді ме? 
  1. Жалпы жаңа су кодексі қашан қабылданады? Бұл орайда су үнемдеуге қатысты қандай жобалар бар?  
  1. Алдағы жылғы су беру маусымына қандай дайындықтар бар? Қандай шаралар қолға алынады?  
  1. Тіршілік көзінің тапшылығына ең бірінші кезекте тозған инфрақұрылым себеп. Елде 405 су қоймасы болса, оның 60 пайызы ескірген. Кеңес кезеңінен бері қызмет етіп келе жатқан нысандары жеткілікте суды жиып алуға қолбайлау болып отырғаны белгілі. Мәселе жаңа су кодексінде қалай шешіледі. 
  1. Су тұтыну көлемі бойынша Қызылорда, Түркістан, Жетісу және Алматы облыстарының дихандары көш бастап тұр. Бұл алқаптарда негізінен суды көп қажет ететін мақта, күріш шаруашылықтарының көп болуынан ба, әлде жаңа техналогия қолданбайды ма? Тамшылатып суару дегендей. Енді бұл өңірлерде су қорларын оңтайлы пайдалану үшін қандай шаралар жүзеге асырылады? 
  1. Су тасқынына қазірден дайындық басталып кетті. Табиғат қорғау прокуроры Дастан Асқар: Ақмола облысында 90 су нысаны бар. Оның 34-і тозған. Бесеуі апаттық жағдайда жұмыс істеп тұр. Қалғанының да жағдайы мәз емес. Биылдан қалмай жөндеу жүргізілмесе, көктемгі су тасқыны апат туғызуы мүмкін»-деді. Жалпы ел бойынша су нысандары толық тексеріледі ме?