Астық жинау науқаны аяқталды
Марлен Оспанов, ҚР АШМ Өсімдік шаруашылығын дамыту басқармасының басшысы
Мемлекет басшысы бүгін Ақордада сөйлеген сөзінде, ауыл шаруашылығының даму қарқынына да тоқталып өткенін жақсы білесіз. Осы тұста, молынан жиналған егін туралы айта кетсек артық болмас. Астықтың сапасы да жақсы деп жатыр, мамандар. Енді оны қолдану мәселесі қалай болмақ? Барлығы да елде қалмайтын шығар?
Биылғы жиын-терін көктемгі тасқынға қарамастан жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Бұған әрине, мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау көмегін тигізді. Жалпы, қазір ауылшаруашылығы саласына көрсетіліп отырған қолдау туралы кеңірек айтып өтсеңіз.
Президенттің айтуынша, ауыл шаруашылығы техникасын лизинг арқылы алуға қосымша қаражат бөлінді. Жалпы, агроөнеркәсіп кешенінде 2,6 триллион теңгелік 865 жоба жүзеге асырылмақ. Осы туралы толығырақ айтып кетсеңіз. Болашақта сала нақты қандай бағыттар бойынша дамымақ?