Сарапшы пікірі. Ауаға тарайтын зиянды қалдықтардан қалай арыламыз?
Соңғы кезде «Қазгидромет» Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына байланысты болжамын СМС хабарлама арқылы тұрғындарға тарататын болған.
Мәселен, бүгін синоптиктердің болжамы бойынша Алматы қаласында ауа сапасы нашарлайды. Ал, кеше бүндай көрсеткіш бес өңірде тіркелген болатын. Бұл өлшем жұмыстары қалай жүргілізелді? Оған кім жауапты?
Осыны білмекке студияға Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті, мемлекеттік метрологиялық-талдамалы бақылау басқармасының бас сарапшысы Ағыбаева Дананы шақырдық.
1.Елдің қай аймақтарында немесе қалаларында ауа сапасы ең төмен деңгейде?
- Ауаның сапасына ең көп әсер ететін зиянды заттар (мысалы, күкірт диоксиді, азот диоксиді, көмірқышқыл газдары) қандай?
- Елде ауаның ластануына ең көп үлес қосатын негізгі өнеркәсіп салалары қандай?
- Ауаны ластайтын компоненттердің тұрғындардың денсаулығына, әсіресе, балалар мен қарттарға, әсері туралы мәліметтер бар ма?
- Ауаның ластануын азайту үшін қандай жаңа шаралар қолға алынды?
- Ауаны ластаушы заттардың шығарындыларын азайту бойынша кәсіпорындарға қандай талаптар қойылған?
- Ауа сапасын бақылау жүйелері барлық аймақтарда бірдей тиімді түрде жұмыс істей ме?
- Ауаға зиянды заттарды шығаруда заң бұзушылықтарға жиі жол беретін кәсіпорындарға қандай шаралар қолданылады?
- Экологиялық заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, оларды түзетуге немесе алдын алуға бағытталған жұмыстар қалай жүргізіледі?
- Ауаны қорғау мақсатында заманауи технологиялар мен инновациялық шешімдер енгізіле ме?
- Кәсіпорындарда зиянды заттарды азайту үшін қолданыстағы технологияларды жаңарту бойынша қандай шаралар бар?
Спикер: Ағыбаева Дана Жанибековна, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті, мемлекеттік метрологиялық-талдамалы бақылау басқармасының бас сарапшысы.