Сарапшы пікірі. Қазақстан – Франция қарым-қатынасы
Мемлекет басшысының бұл сапары біздің елге несімен тиімді деген сұрақ туындайтыны сөзсіз. Олай болса, осы тақырыптағы жан-жақты айтылатын пікірлерді ортаға салмақшымыз.
Тікелей қосылымға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика факультетінің доценті, PhD докторы Жекенов Думан мырзаны шығарып отырмыз.
- Президенттің Францияға сапарының негізгі мақсаты ең бірінші елдің қамы екені белгілі. Енді осы сапар екі ел арасындағы қай салаларда ынтымақтастықты күшейтеді деп ойлайсыз?
- Қазақстан мен Франция арасында экономикалық серіктестікті дамытуға қандай мүмкіндіктер бар?
- Франциямен серіктестік біздің ел үшін қандай стратегиялық маңызға ие?
- Бұл сапардың Қазақстанның халықаралық аренадағы беделіне қалай әсері болады?
Спикер: Думан Жекенов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика факультетінің доценті, PhD докторы.
Президент сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған, жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізіп, іскер топтармен кездесуі жоспарланған. Жалпы Франция – ел экономикасына қомақты қаржы құятын ірі инвесторлардың бірі.