Ауыл медицинасының аясы кеңейеді. Әсел Қыдыралиева

  1. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде қандай жұмыстар атқарылды? Медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысанының қаншасы салынып, жөнделді?
  2. Арнайы медициналық көмек көрсету мүмкіндігі жоқ елді мекендер халқының денсаулығы қалай қорғалып отыр? Жылжымалы медициналық кешендер қаншалықты тиімді болды?
  3. Халқы аз шоғырланған елді мекендердегі жағдай қандай?
  4. Маман тапшылығын қалай шешіп жатсыздар?
  5. Аурудың алдын алуға септігін тигізетін скрининг екені сөзсіз. Осы тұрғыда ауыл халқы тексерулерден өтіп жатыр ма?
  6. 2023 жылы ауылдағы ағайын үшін кеңейтілген скрининг енгізілді. Оның шеңберінде бүйрек, асқазан-ішек жолдары, тыныс алу ағзалары, қуықасты безі обыры ауруларын ерте анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.
  7. Кешенді іс-шаралардың аясында 2,5 млн-нан астам ауыл тұрғыны тексерілген. Нәтижесінде 62 мың науқас анықталды. Жылжымалы медициналық кешендердің қызметін 2 млн-ға жуық тұрғын пайдаланған.
  8. Елді мекендерде 570 құрылысы жүріп жатыр. Өткен жылы 85 нысан салынды. 80 ғимарат жөнделді. Сонымен қатар аталған ұлттық жобаның шеңберінде 32 көпсалалы аудандық аурухана жаңарып, қондырғылармен жабдықталып жатыр. Оларды кадрлармен қамту үшін медициналық жоғары оқу орындарында 2843 бейінді дәрігер даярланады.

Айта кетейік, қазір ауылдық жерлерде 8 млн-ға жуық адам тұрады. Бұл – халықтың 41%-і. Ауылда тұратындардың 62%-і – ересектер, 38%-і – балалар.

Спикер: Әсел Қыдыралиева, ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің басқарма басшысы.