Бүгін – Халықаралық азаматтық авиация күні. Әділет Көбенов

Бүгін – Халықаралық азаматтық авиация күні. Кәсіби мереке 1994 жылы 7 желтоқсанда Халықаралық азаматтық авиация ұйымының 50 жылдығына байланысты белгіленген.

Содан бері әлем елдері кейінгі 30 жылда тұрақты түрде атап өтіп келеді. Қазір бұл салада бас-аяғы 20 мыңнан аса отандасымыз еңбек етіп жүр. Олардың кәсібилігі мен қажырлы еңбегінің арқасында жыл басынан бері 12 млн-нан аса адам діттеген жеріне аман-есен жетті. Барлығы 51 ішкі, 118 халықаралық бағыт бойынша рейстер орындалды.

  1. Елден Нью-Йорк пен Токиоға тікелей әуе қатынасын ашу жоспары туралы айтылып жүр. Бұл қашан мүмкін болады?
  2. Осы мәселе бойынша шетел ведомстволарымен келіссөздер қай кезеңде?
  3. ⁠Келесі жылы Қазақстаннан қандай жаңа рейстер ашылады?
  4. ⁠Биыл Қазақстан арқылы бірнеше ірі шетелдік тасымалдаушылар ұша бастады. Комитет оларды Қазақстанға тарту үшін қандай әлемдік компаниялармен келіссөздер жүргізіп жатыр?

⁠5. Бұл саланың дамуы үшін қаншалықты маңызды?

Спикер: Әділет Көбенов, ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық әуе қатынасын реттеу басқармасының басшысы.